«Уланып қалған болуым мүмкін» деген Бәпидің жағдайы белгілі болды

Тамыз 23, 2024 - 10:15
Тамыз 23, 2024 - 10:15
«Уланып қалған болуым мүмкін» деген Бәпидің жағдайы белгілі болды

«Улануы мүмкін» деген мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпидің қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды  Massaget.kz.

Қазақстандық саясаткер Болат Әбілов депутатпен отырған видео жариялап, оның жағдайын сұрады. 

«Бүгін жақында Германиядан тексеріліп келген депутат Ермұрат Бәпимен сөйлестік. Берлиндегі «Шарите» клиникасындағылар Ерекенің ағзасынан «Новичокты» (улайтын зат) таппады. Оның улануы мүмкін екені туралы қауесеттер расталмады», - дейді Болат Әбілов.  

Ал депутаттың өзі денсаулығы жақсы екенін, Германияда диагноз анықталғандықтан емделуге баратынын айтады.

Еске салайық, шілденің басында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи сырқаттанып қалған болатын. Депутат улану мен уландыруға қатысты күдік барын айтқан еді. 

Депутат «кімнен күдіктенеді?» деген сұраққа жауап бере алмады. 

«Қалай жауап беретінімді де білмеймін. Жұмысымның ерекшелігіне байланысты шай үстінде көп адаммен кездесуге тура келеді. Ешкімнің атын атай алмаймын», - деген еді Ермұрат Бәпи.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow