ҚМДБ: дайындалмаған спортшының жеңілісті Аллаға сілтеуі – теріс (ВИДЕО)

Тамыз 13, 2024 - 16:24
Тамыз 13, 2024 - 16:27
ҚМДБ: дайындалмаған спортшының жеңілісті Аллаға сілтеуі – теріс (ВИДЕО)

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Париж олимпиадасында жеңген немесе жеңілген спортшылардың «Алланың қалауы» деп айтуына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

«Алланың қалауы», «шүкір», «тәуекел» деген ұғымдар тағдырға қатысты болғандықтан, шариғат қалыптастырған дұрыс ұғымы және шариғат тыйым салған теріс ұғымы да бар.  Ал, спортшының амалын жасамай, дайындығын дұрыс істемей,  жеңіліп қалып, сылтауратып «тәуекел», «Алланың қалауы» дей салғаны – теріс ұғым. Егер сылтау айту мақсатында болса, өзінен жауапкершілікті алып тастау мақсатында айтса, дұрыс емес болып есептеледі. Демек, сылтау мағынасында болса, теріс ұғымы. Адам өз жауапкершілігін өзі көтеруі керек», - дейді ол.

Елбек Тасболатұлы спортшыларға қатысты бұл сөздің екінші ұғымы да бар екенін айтты.

«Спортшы жаттығуын, дайындығын, барлық амалын жасады. Толық жауапкершілікті сезініп жарысқа барды, бірақ бағы шаппай, жеңіліп қалды. Сол кезде «Аллаға шүкір, Алланың қалауы» деуі дініміз қызықтырған сөз. Дегенмен, «Алланың қалауы» деген спортшыны бірден айыптау да дұрыс емес. Мұсылманға бірден жаман ойлау жарамайды.  «Алланың қалауы» деген сөзді тәңіршілдер, исламофобтар жамандыққа балап, жаман ұғымдағы сөз мағынасында қарастырып жатыр», - дейді Елбек Тасболатұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Парижде жеңілген боксшымыз Асланбек Шымбергеновтің «алланың қалауы солай болды» деген сөзі қазақстандықтар арасында қатты пікірталас тудырған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow