«Дінімізді печеньеге айырбастап жібере жаздадық»: Әзілкеш Қайрат Әділгерей баптист болып кете жаздаған кезін есіне алды
Ал біз оның берген тәтті печеньесін жеп мәзбіз. Сол кезде жеген печеньеміз қазіргі «орео» екен ғой.
Белгілі әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей бала кезіндегі бір оқиғаны айтып, діннен шығып кете жаздағанын еске алды. Айтуынша, оның балалығын пайдаланып біреулер діни сектаға тартпақ болған.
«Бала кезімізде, ұмытпасам, 6-7 сыныпта жүргенімізде Еркебұлан досым екеуміз баптистердің арасына түсіп қалдық. Әдемі кітаптар беріп баурады. Ішінде жолбарыс пен адамның, аққу мен жыланның бірге жүргені суреті бар кітаптар еді. Үйіне шақырып, тамақ берді.Кейін «Құдай деген ол йоқ!» деп американ әйел миымызға құю бастады. Ал біз оның берген тәтті печеньесін жеп мәзбіз. Сол кезде жеген печеньеміз қазіргі «орео» екен ғой. Сол печенье үшін дінімізді ауыстырып жібере жаздадық қой», - дейді Қайрат Әділгереев.
@kettik.barintasta Кім осындай жағдайға түсіп көрді????? ♬ оригинальный звук - КЕТТІК БӘРІН ТАСТА | 31 ҚАЗАН
Сіздің реакцияңыз қандай?