Тағы да өлім: Зайсанда әскери қызметші қаза тапты

Қараша 8, 2024 - 12:17
Тағы да өлім: Зайсанда әскери қызметші қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің өз-өзіне қол салғаны белгілі.

"Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид", - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow