«Ұйықтап жатып ән саламын»: Мақпал Жүнісова бала күніндегі ерекше қасиетін айтты

Қараша 14, 2024 - 14:21
Қараша 14, 2024 - 15:59
«Ұйықтап жатып ән саламын»: Мақпал Жүнісова бала күніндегі ерекше қасиетін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Халық әртісі Мақпал Жүнісова бала кезіндегі әдетін айтып, елді күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі сахна алдындағы дайындығын көрсетіп, жанды дауыста ән айтты.

“Әншілерден бұрын келіп, дауысын жаттықтырып жатыр. Қанша жыл сахнада жүрсе де, өнерге деген адалдық осындай болса керек. Халық әртісіне дайындық қажет емес деп ойлаппын. Мақпалды ұйықтап жатқан жерінен оятып алып, ән айттыра беруге болады”, – деп жазды желі қолданушысы.

Өз кезегінде эстрада жұлдызы бала кезіндегі ерекше қасиетін айтып берді.

“Сөзіңіз рас. Одан зорын айтып берейін. Бала кезімде ұйықтап жатып, ән айтатын болғанмын. Анам талай қызықтарды айтып берген. Тіпті, ұйықтап жатып, әңгіме де айтқанмын. Әнші болатыным сол кезде-ақ белгілі болды-ау”, – деп естелігін бөлісті өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow