Макрон Х-тегі парақшасында қазақша жазба жариялады
Франция Президенті Эмманюэль Макрон бүгін, 5 қарашада Х-тегі парақшасында қазақша жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.
"Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос. Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз", - делінген жазбада.
Макрон бұл мәтінді французша да жариялаған. Екі жазбаның астында Франция басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аккаунтын белгілеген.
Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос.
Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз. pic.twitter.com/92UnHd4QoJ — Emmanuel Macron (@EmmanuelMacron) November 5, 2024
Сіздің реакцияңыз қандай?