«Мәйітін айдалаға тастап кеткен»: Жаркентте тағы бір әскери қызметші қайтыс болды

Қараша 14, 2024 - 12:46
«Мәйітін айдалаға тастап кеткен»: Жаркентте тағы бір әскери қызметші қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

Жаркенттегі әскери бөләмде офицердің мәйіті табылды. Бұл туралы журналист Диас Нұрақын Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Журналистің жазуынша, офицердің мәйітін айдалаға тастап кеткен. Денесін қаруластары тауып алған. 

"Жаркенттегі #74261 әскери бөлімінде офицердің мәйіті табылды. Инженерлік қызметтің басшысын қатардағы жауынгерлер ұстап алып, қол-аяғын байлап, айдалаға тастап кеткен. Ес-түссіз жатқан әскериді түнжарымда қаруластары тауып алыпты. Жедел-жәрдем шақыртқанымен Дәулет Нұрланұлын ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Ал, марқұмды ұстап, қол-аяғын байлап тастау туралы бұйрықты үш жауынгерге барлау-шабуылдау бригадасының командирі берді деген ақпарат бар.

Әскердегі бұл оқыс жағдайды жуып-шаюға тырысып жатқан сияқты. Себебі капитан Дәулет Нұрланұлы диверсиялық топтарға қарсы жоспардан тыс оқу-жаттығу кезінде көз жұмды деген мәлімет таралуда. Бұл қасақана кісі өлтіру ма әлде абайсызда болған қылмыс па оны тергеушілер анықтауы тиіс", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow