Олигархтардан қайтарылған ақшаға мұқтаж отбасыларға арнап көпқабатты тұрғын үй салынатын болды

Қазан 28, 2024 - 10:59
Қазан 28, 2024 - 12:10
Олигархтардан қайтарылған ақшаға мұқтаж отбасыларға арнап көпқабатты тұрғын үй салынатын болды
egemen.kz

Мемлекетке қайтарылған заңсыз активтерден түскен қаражаттың  бір бөлігі әлеуметтік жобаларға жұмсала бастады.

Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті тәркіленген қаржының 12 миллиард теңгесі әлеуметтік жобаларға бағытталып жатқанын хабарлады.

«Реестр субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру жөнінде 4 келісімге қол қойылды», - деп мәлімдеді Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті.

Олигархтардан қайтарылған ақшаға бой көтеретін нысандардың бірі – Алматы қаласындағы заманауи мәдениет орталығы. Оның ауданы 3 мың шаршы метрден асады, арнайы залдары мен әмбебап көрме алаңдары, білім беру және демалыс орындары болады. Орталық іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Баспана мемлекет меншігіне өтеді және мұқтаж отбасыларға беріледі.

Биыл президент өз жолдауында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени нысандарды салуға атсалысуы қажет екенін атап өткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow