«Пьесада Шәмшіні сығандар тепкілеп, қамшымен ұрады»: Сазгердің балалары елдегі бірнеше театрмен соттаспақ

Қараша 14, 2024 - 16:24
«Пьесада Шәмшіні сығандар тепкілеп, қамшымен ұрады»: Сазгердің балалары елдегі бірнеше театрмен соттаспақ

Шәмші Қалдаяқовтың балалары сазгердің «Сыған серенадасы» әніне арналған қойылымның театр сахналарында қойылуына қарсы. Композитордың келіні Ботагөз Қалдаяқова Мәжілістегі комитет отырысында қайын атасына қатысты белгілі спектакль желісі шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Креативті индустрияны дамыту» тақырыбында отырыс өтті. Cөз алғандардың бірі - көрнекті сазгер Қалдаяқовтың келіні.

«1991 жылы «Сыған серенадасы» деген пьеса шықты. Авторын білеміз, бірақ оны айтудың керегі жоқ. Композитордың әйелі Жәмилә апай телевидение, газет, радио арқылы айтты, «Сыған серенадасының» шындыққа еш қатысы жоқ. Пьесада Шәмшіні сығандар тепкілеп, қамшымен ұрады. Ұят енді. Көбісі «Сыған серенадасы» әніне қарап оқиға өмірде болды деп ойлайды. Пьеса авторымен хабарласқанымызда «бұл менің фантазиям» деп жауап берді. Жақында халықаралық авторық құқық қорғау қоғамының өкілдерімен сөйлесіп, тиісті мекемелерді заң алдында жауапқа тарту туралы талқыладық. Театр басшылығы кешірім сұрап, репертуарынан алып тастағаны дұрыс. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа беремін», - дейді Ботакөз Қалдаяқова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow