Ордабасыда қызғалдақ терген студент 11 миллион теңге айыппұл арқалады
Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасына жариялаған.
Түркістан облысының полициясы «Грейг» қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында жас қыздың қызғалдақтарды жұлғаны туралы бейнежазбаны тапты. Тексеру кезінде оның Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасына жариялаған.
Дереккөз: nege.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?