Аида Балаева белгілі волонтер Перизат Қайраттың ісіне қатысты ойын ашық айтты

Қараша 14, 2024 - 17:18
Аида Балаева белгілі волонтер Перизат Қайраттың ісіне қатысты ойын ашық айтты
Фото: astanatv.kz

Бүгін, 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл жайтқа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

«Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр», — деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі жеке парақшасында.

Министр жазбасында қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады.

«Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», — дейді Балаева.

Еске салсақ, 14 қарашада еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны мәлім болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow