Желіде Каспий теңізінің жағасына шығып қалған киттің фотосы тарады
Тұрғындар Каспий теңізінен шығып қалған киттің видеосы мен суреті жариялап, таңданғандарын жазған.
Бакуде Каспий теңізінің жағасында жатқан кит муляж болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Qafqazinfo» мәліметінше, бульвардың жағасында жатқан киттің суреті әлеуметтік желіге тарап кетті. Тұрғындар Каспий теңізінен шығып қалған киттің видеосы мен суреті жариялап, таңданғандарын жазған.
Шындығында, кит климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаның ластануына байланысты мұхит және теңіз жануарларының жойылу проблемаларына әлемдік жұртшылық назарын аударуға арналған акция аясында жасалған муляж болып шықты.
Бакуге дейін киттің муляжы Парижде, Цюрихте, Бордода және басқа қалаларда көрмеге қойылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?