Трамп Илон Маскқа қызмет ұсынды

Жаңа бөлімнің атауы Маск қолдайтын криптовалюта Dogecoin (DOGE) дегенді білдіреді.

Қараша 13, 2024 - 10:37
Трамп Илон Маскқа қызмет ұсынды

АҚШ президенттік сайлауының жеңімпазы Дональд Трамптың сәрсенбіде жарияланған мәлімдемесіне сәйкес, миллиардер Илон Маск пен бизнесмен Вивек Рамасвами жаңа үкіметтік тиімділік департаментін (DOGE) басқарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мен америкалық патриот Вивек Рамасвамимен бірге жұмыс істейтін ұлы Илон Масктың Үкімет тиімділігі департаментін (DOGE) басқаратынын хабарлауға қуаныштымын. Осы екі ұлы америкалық бірігіп, менің әкімшілігіме мемлекеттік бюрократияны жоюға, артық ережелерді қысқартуға, ысырапшыл шығындарды қысқартуға және федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашады", – делінген хабарламада.

"Бұл жалпы жүйеде төңкеріс жасап, мемлекет қаражатын ысырап етумен айналысатындардың жөнге салатын бастама", – деп жазды Трамп.

Ол сонымен қатар жаңа департаментті АҚШ-та атом бомбасы жасалған Манхэттен жобасымен салыстырды.

Жаңа бөлімнің атауы Маск қолдайтын криптовалюта Dogecoin (DOGE) дегенді білдіреді. Ол Сиба Ину итін бейнелейтін Doge интернет мемінің құрметіне аталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow