Краннан құлаған жұмысшыны өз көзімен көрген елорда тұрғыны оқиғаның мән-жайын айтты
Мұндай қайғылы өлімді көремін деп ойламаппын.
Желіде елордада құрылыс нысанында кран жүргізушісінің биктіктен құлап кеткені туралы видео тарады. Деректерге сай оқиға тұрғынның көз алдында болған, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Stan.kz мәліметінше, видео авторы үйінің терезесінен құрылыс алаңы көрініп тұратынын айтқан.
"Таңертең әдеттегідей жақсы көңіл-күймен кофемді ішіп, терезеден салынып жатқан құрылысқа бұлттарға тамсана қарадым. Құрылыс краны да көрініп тұрды. Сол кезде кенет көз алдымда краншы биіктіктен құлап кетті. Міне, қазір адамдар жиналып, жедел жәрдем келген. Мұндай қайғылы өлімді көремін деп ойламаппын. Қолым дірілдеп әлі де өз-өзіме келе алмай тұрмын. Жедел жәрдем алып барады. Тірі шығар деп үміттенемін. Бәрі жақсы болсын", - деді видео авторы.
Астана қаласының полиция департаменті жазатайым оқиғаны растап, жағдайға түсініктеме берді.
"Оператор мұнара кранынан түсу кезінде биіктіктен шығып, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК - нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ведомство.
Сіздің реакцияңыз қандай?