Олимпиада жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар беру дұрыс па?

Қараша 13, 2024 - 20:42
Олимпиада жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар беру дұрыс па?

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортсмендерге халықаралық жарыстардан кейін берілетін пәтерлер мен сыйақылар заңмен қалай реттелетінін түсіндірдіріп берді. 

"Бүгінде біздің жеңімпаздарға, жүлдегерлерге пәтер беру мәселесі "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңмен реттелген. Басқа да бағалы сыйлықтар бойынша біз әкімдіктерге хабарласып, спортшыларымызды қолдау бағытында ақылдасып сөйлесеміз. Бұдан бөлек халық әр спортшы спорттық аренада сынға түскен кезде тақымын қысып отырады. Оны Олимпиада, Азия ойындары көрсетті. Үлкен іс-шаралардан келгеннен кейін біздің жеңімпаздар, жүлдегерлерді қаншама азаматымыз сыйақы беріп, күтіп алады. Олар медаль алмаған спортшыларға да көлік беріп, сағы сынбасын деп азаматтық танытып жатады", – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Журналистер Олимпиадаға лицензия алған спортшыларға бағалы сыйлықтар беру дәстүрге айналып кеткенін айтты. 

"Спортшының бала кезінен бастап жоғарғы спортқа жеткені – үлкен еңбектің жолы. Көп шектеулерден өтіп, бала кезінен спорт пен білімді қатар алып жүреді. Абыройлы жарыстарда елдің туын көтереді. Менің ойымша, шынымен, спортшыны жан-жақты қолдап жатса, ол лицензия ала ма, оған дейінгі әлем, Азия чемпионатын жеңген шығар, Қазақстан біріншілігін жеңу де спортта үлкен жетістік. Сондықтан әрине оны мен қолдаймын, ол дұрыс деп есептеймін", – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow