Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Қазан 27, 2023 - 14:45
Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Шымкентте ер адамды ұрып өлтірді деген күдікпен 42 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Қылмыс кеше, 26 қазанда болған. Куәгерлер Шымкенттегі Тәуке хан көшесі бойында ер адамның мәйітін көріп, полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Ол 1969 жыля туған жергілікті тұрғын болып шықты.

"Тексеру кезінде, екі ер адамның арасында туындаған жанжал кезінде жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды”,-деп хабарлайды ІІМ ақпараттық ресурсы.

Осы іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазыргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow