Петропавлда бір топ жасөспірім науқас қыз бен дәрігерлерді сабап кетті

Қазан 24, 2023 - 09:25
Қазан 26, 2023 - 08:16
Петропавлда бір топ жасөспірім науқас қыз бен дәрігерлерді сабап кетті

Петропавлда үш жасөспірім жігіт облыстық балалар ауруханасына келіп, дәрігерлер мен 15 жастағы науқас қызды соққыға жықты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Дереккөздің хабарлауынша, ауруханаға баса-көктеп кірген үш жігіттің біреуі ұсталған. Күзетші мен дәрігерлердің ескертуіне құлақ аспаған олар сол ауруханада емделіп жатқан 15 жастағы қызды палатасынан дәлізге алып шығып, басынан ұрған. Науқасты арашаламақ болған дәрігерлерді дәрігерлерді ойыншық тапаншамен қорқытқан.

«Дәрігерлер қатты қорқып қалды. Ал, соққы алған дәрігер 3-қалалық ауруханаға барып, тексерілді. Сот-медициналық сараптамадан өтеді», - дейді СҚО балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Полицияның мәліметінше, шабуыл жасап, қолға түскен 17 жастағы бала бұрын да дәрігерлерді ұрып-соққан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow