«Сезіміммен ойнады»: Қызылордалық жігіт екі күн бұрын танысқан қыздың үстінен шағымданып, полиция шақырған

Қазан 2, 2024 - 12:14
Қазан 2, 2024 - 12:24
«Сезіміммен ойнады»: Қызылордалық жігіт екі күн бұрын танысқан қыздың үстінен шағымданып, полиция шақырған

Қызылорда тұрғыны «сезіміммен ойнады» деп қыздың үстінен шағымданып, полицияға хабарласқан видеосы желіде тарады, деп жазады turkystan.kz.

Жігіт пен қыз бір-бірін жақын танымайды, екі күн бұрын танысқан. Сөйтіп қыздың басқа біреудің көлігінде отырғанына ашуланып, полиция шақырған. Қыз полицияның келгенін видеоға түсіріп алыпты.

«Полиция қызметкерлері Қызылорда тұрғынының арызы бойынша тексеріс жүргізді, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың болмауына байланысты, сондай-ақ тараптардың арыз беруден бас тартуына байланысты материал қараусыз қалдырылды», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бойжеткен полицияға түсініктеме жазған, онда арызданушымен бір күн бұрын танысқанын және досының көлігінде отырғанын, жігіт сол кезде қызғанып шу шығарғанын айтты. Осыдан соң жігіт полицияға хабарласқан екен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow