«Стресстің кесірі»: Әнші Әли Оқапов ауыр дертке шалдыққанын айтты
Танымал әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне дисфония диагнозы қойылғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповқа қойылған диагноз ән орындау кезінде дауыстың қарлығуына себеп болуы мүмкін.
Әлі Оқаповтың айтуынша, бұл дертпен 5 жыл бойы күресіп келеді екен. Әнші дауысының нашарлауы стресс пен шамадан тыс шаршағанның кесірінен болғанын айтады.
"Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін", – деп жазды ол.
Қарлығу, дисфония – дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі. Бұл – көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әртүрлі кеселдер.
Еске салайық, қазір Әли Оқапов "Жұлдызды жұп" бағдарламасына қатысып жатыр. Оның жобадағы серігі – танымал актриса Фариза Ескермес.
Сіздің реакцияңыз қандай?