Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет еншісіне өтті

Маусым 14, 2024 - 15:19
Маусым 14, 2024 - 15:19
Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет еншісіне өтті

«Өркен» балалардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялары мен үлестері республикалық меншікке берілген акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізіміне енгізілді.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет еншісіне өтті. Соңғы екі жылда бұл мекеме бағытын өзгертіп, ребрендинг жүргізіп,  «Өркен»  ұлттық ғылыми-эксперименттік балалар денсаулығы институты болып өзгертілді.

2021 жылы Сара Назарбаева құрған «Бөбек» қорының жанынан ашылған институт бастапқыда «Өзін-өзі тану» бағдарламасы арқылы адам әлеуетін дамыту жұмыстарымен айналысқан. 2022 жылы бұл бағдарлама Қазақстанда жұмысын тоқтатты.

Қазір «Өркен» балалардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты қазақстандық балалардың әл-ауқат деңгейін ЭЫДҰ мүше елдерінің стандарттарына дейін көтерумен айналысады.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow