Солтүстік Қазақстанда екі бала тамақтан уланып қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында бір отбасы астан уланып ауруханаға түсті. Өкініштісі екі бала көз жұмған.
Оқиға 13 маусым күні Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде болған.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта отбасының уланып, 3 және 6 жастағы екі баланың қайтыс болуына және тағы үш адамның ауруханаға түсуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша тексеріс басталды, тамақтың сынамасы алынып, зертханаға жіберілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?