Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті баланың басына түсті
Ол дереу ауруханаға жеткізілген.
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қасбет баланың басына құлап кетті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан есіктен сыртқа шыға бергенде баланың басына үй қасбеті құлағанын көруге болады. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы белгісіз.
Үй тұрғындары мұндай оқыс жағдай бірнеше рет болғанын айтып отыр. «Барлық үйдің қасбетін тексеру керек», «Мұндай «фасадтардың» қажеті не?», «Үйді тұрғызған компания жауап берсін» деп жазып жатыр қала тұрғындары.
Сіздің реакцияңыз қандай?