«Мырзағали кетсе, мен де кетем»: Сәкен Бибосынов желіде тараған сөзге жауап берді

Тамыз 18, 2024 - 17:44
Тамыз 18, 2024 - 17:45
«Мырзағали кетсе, мен де кетем»: Сәкен Бибосынов желіде тараған сөзге жауап берді
Фото: sportplustv.kz

Әлеуметтік желіде боксшы Сәкен Бибосыновтың Мырзағали Айтжановтың ізімен ұлттық құрамадан кететіні жайлы расталмаған ақпарат тарап жүр. Бұл сөздің рас-өтірігін Qaz365.kz боксшының өзінен сұрап көрді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Олай емес. Біреулер жаза береді. Адамдарға таңғалам. Алла сақтасын. Олай айтқан жоқпын. Оны менің атымнан біреулер шығарып жатыр. Адамдар қазір назарға түсу үшін не істемей жатыр!?", - дейді ол.

Демек, бұл сөзді боксшы жоққа шығарады.

"Әрине, мен ешкімге олай деп сұхбат берген жоқпын. Бес-алты адам маған сондай ақпаратты жіберіп жатыр", - дейді Бибосынов.

Айта кетейік, 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов спорттық карьерасындағы екінші Олимпиадасынан жүлдесіз оралған. Парижде оның медальға барар жолын өзбек боксшысы Хасанбай Дусматов кесті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow