«Қуандық істеген ісіне сай жазаға лайық»: Сотта Бишімбаевтың анасына сөз берілді
Сөз кезегі айыпталуышының анасы Альмира Нұрлыбековаға берілді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Біз отбасымыздың атынан Салтанаттың туыстарынан кешірім сұраймыз. Алла Тағала біздің отбасымыз бен Салтанат отбасына үлкен сынақтар дайындады. Бұл төзгісіз ауыр жағдай. Алқабилер және судья, менің ұлым сіздердің шешімдеріңізді қабылдайды. Ол біздің отбасымыз үшін трагедияға айналған әрекетті жасады. Қуандық өзінің істеген ісіне сәйкес жазаға лайық», - деді Альмира Нұрлыбаева.
Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың қылмыс қасақана болмағанын дәлелдемек болғанын жазған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?