«Шындық ешкімге керек емес»: Бишімбаев сотта сөз сөйледі

Маусым 26, 2024 - 16:31
Маусым 26, 2024 - 16:33
«Шындық ешкімге керек емес»: Бишімбаев сотта сөз сөйледі

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкімге қарсы апелляциялық шағымды Астана соты қарап жатыр. 

Бірінші сот отырысы өтіп, Бишімбаевтың қорғаушылары бүкіл шағымдарын жеткізді. Олар үкімді қабылдаған сот отырысына айып тақты. Cот отырысына төрағалық еткен судья сотталған Бишімбаевқа сөз берді. 

«Мен адвокаттарымның уәжін толықтай қолдаймын. Тағы бір айта кеткім келетіні, кінәмнің ауыр емес екенін дәлелдеуге мүмкіндік берілмеді. Бізге көп материалдарды көруге рұқсат етілмеді. Шындық ешкімге де қажет емес екенін ұқтым. Шешімді алдын ала қабылдап қойды. Сондықтан барлығы айтылып та қойды. Маған тек адвокаттарымның осы ұстанымын қолдайтынымды айту ғана қалады», — деді Бишімбаев.

Ал Айтбек Амангелді аппеляциялық шағым ештеңені өзгертпейді деп ойлайтынын және сот отырысы тезірек бітеді деп үміттенетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow