«Тегін жасамайды»: Халимназаров ресейлік мамандар жүргізген сараптама туралы айтты
Бұны біз күткенбіз. Өйткені практикада бар.
Салтанат Нүкеноваға қатысты сараптама жүргізіп, қорытындысын сотта маникенге сызып тұрып көрсеткен Тахир Халимназаров ресейлік әріптестерінің сараптаманы қалай жүргізгенін айтып берді, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Халимназаровтан сұхбат алған тележүргізуші Дина Төлепберген "ресейлік сарапшылардың бұл әрекеті күткен жаңалық па? деп сұрады.
"Бұны біз күткенбіз. Өйткені практикада бар. Жазғанына сүйенсек, қылмыс болмаған боп тұр ғой", - деп жауап берді сарапшы.
"Биоматериалдарды тексермей, тек қана құжаттарға сүйеніп, қорытынды жасау қаншалықты кәсіби?" деген журналист сауалына төмендегідей жауап берді.
"Бұл сараптама емес, екі маманның көзқарастары. Мемлекеттік мекеменің атынан шығып тұрған құжат емес. Екі тұлғаның жазып тұрғаны ғой. Көрдіңіз бе?! Оның бәрін тегін жасамайды ғой олар. Ең маңыздысы да осы болып тұр ғой", - деді ол.
Әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотында ресейлік сарапшылардың "Салтанаттың өлімі оқиға болған күннен бұрынғы жарақаттарынан болған" деген қорытындысы ұсынылған. Алайда судья істен бұл нәтижені алып тастаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?