Астанада біреулер Назарбаевтың портретін қоқыс контейнеріне іліп кеткен (ВИДЕО)
Портретті шығарып тастаған адам оны қоқыс контейнеріне салғысы келмеген тәрізді.
Астана тұрғыны қоқысқа арналған контейнерлердің үстінде ілініп тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін видеоға түсіріп алған, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Портретті шығарып тастаған адам оны қоқыс контейнеріне салғысы келмеген тәрізді, сондықтан оны сол жерге іліп қойған.
Видео әлеуметтік желіде жарияланды, Астанада түсірілген деген болжам бар.
"Надандар! Қасиетсіз арамтамақтар, ұялсаңдаршы!", "Не деген масқара, адамгершіліктен жұрдай біреудің ақымақ ісі. Бейнебақылау бар шығар, кім істегенін тапсын енді", "Ұяттары жоқ, апарып ілген адам да тура сол жерден табылмайтынына кепілдік бар ма?", деп жазған желі қолдауншыларының қарасы көп.
Айта кетейік, 2024 жылғы қаңтарда Назарбаевтың ескерткіші Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне қойылады деп айтылған.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?