Зейнеткер Рәббім Борашев велосипедпен Парижге аман-есен жетті
Оны Францияда Ермек Маржықпаевтың өзі қарсы алған.
Әуесқой велосипедші, зейнет жасындағы Рәббім Борашев Ақтаудан шығып, Парижге аман-есен жетті, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Оны Франциядағы Қазақстан елшілігінің жанынан туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың өзі қарсы алған.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Борашев Ақтаудан шығып алдымен Бакуге жеткен. Ары қарай маусым айы бойы Грузия арқылы Түркия еліне жетіп, Мажарстан, Аустрия, Германия шекарасы арқылы Парижге жеткен. Айта кетейік, әуесқой велоспортшы Рәббім Борашев зейнетке шықпай тұрып, құрылыс саласында жұмыс істеген.
«Олимпиада өтетін елге барып, сайсысты тамашалау армандарымның бірі еді. Жас күнімде бұл арманыма жете алмасам да, биыл соның сәті түсіп тұр екен. Жол оңай болған жоқ, бірақ мен діттеген мақсатыма жеттім», - деді Рәббім Борашев.
Сіздің реакцияңыз қандай?