Маңғыстауда жас психологтарды тегін оқытуға іріктеу жүріп жатыр

Іріктеу кезеңі 5-тамызға дейін жалғасады.

Шілде 26, 2024 - 19:03
Шілде 26, 2024 - 19:05
Маңғыстауда жас психологтарды тегін оқытуға іріктеу жүріп жатыр
фото: Ұйымдастыру комитетінен

Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасының және «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жастар EQ» әлеуметтік жобасы аясында Маңғыстау облысындағы жастармен жұмыс жасайтын жас психолог мамандарды 5 компоненттік оқытуға іріктеу кезеңі жалғасып жатыр.

Маңғыстау жастарының психологиялық, эмоционалдық тұрғыда дамуына үлес қосып, тегін оқытулар сериясына қатысқысы келетін жастарға төмендегідей талаптар қойылады:

1. Маңғыстау облысында өмір сүріп, қызмет етіп жүрген психолог маман болуы қажет (жеке басын куәландыратын құжат ұсынуы керек); 

2. Психолог мамандығына мамандандырылған дипломы немсе арнайы сертификаты болуы маңызды; 

3. 1 жылдан кем емес еңбек өтілі барын растау (Еңбек кітапшасының көшірмесін ұсынуы керек);

4. Психология саласындағы жетістіктерін растайтын құжаттарының көшірмесі (Құрмет гармотасы, Алғыс хат, сертификат және т.б. ұсынуы керек);

5. Жоба қатысушы болғысы келетіндігі мен жастарға психологиялық көмек көрсетуге қызығушылығын дәлелдейтін (бір беттен аспайтын) көлемдегі мотивациялық хат;

6. Кәсіби немесе сапалы электронды фото қоса ұсынылуы шарт.

Бес компонентті оқытулар республикалық сарапшылардың қатысуымен өтеді және төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

-эмоционалдық интелектті дамыту

-суицидология -бала психологиясы

-адам дағдарысы -ата-ана мен бала қарым қатынасы

Іріктеу кезеңі 5-тамызға дейін жалғасады. Кез-келген сұрақ бойынша +7 702 903 9168 телефон номеріне хабарласуға немесе Whats’App желісі арқылы хабарлама қалдыруға болады. Іріктеу кезеңінің шарттары мен қорытындысы eq_mangystau.zhastary парақшасында жарияланып отырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow