«Жалдамалы әскер жанын беріп соғыспайды»: Журналист Олимпиадаға барудан бас тартқан Рыбакина туралы айтты

Бокстағы Серік Сәпиев сынған қолымен әлем чемпионатында соңына дейін жұдырықтасып шықты дегенді естідік.

Шілде 26, 2024 - 12:08
Шілде 26, 2024 - 12:12
«Жалдамалы әскер жанын беріп соғыспайды»: Журналист Олимпиадаға барудан бас тартқан Рыбакина туралы айтты
Фото: ашық дереккөз

Теннисші Елена Рыбакинаның Париж Олимпиадасына қатыспайтыны белгілі болды. Бұл ақпаратпен алғашқылардың бірі болып Аслан Каженов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

“Рыбакина туралы ақпаратты естіп, шок болып отырмыз. Ауырып қалыпты деген себеп айтылды. Оның өзін ватсаптан аудио жазба арқылы алдық. Осы жағдайға тікелей жауапты Ұлттық Олимпиадалык комитет жане Қазақстан теннис федерациясы неге толыққанды мәлімет бермейді?

Жалпы неге алды алынбаған? Неге жауапкершілік түсіндірілмеген? Олимпиада кезінде өз денсаулығына және елдің үмітіне осынша салғырт қарауға бола ма?

Рыбакинаның өзі де бір ауыз үн қатпады. Нақты денсаулық жағдайын білмеймін. Десе де, дзюдодағы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында иығының сіңірі жыртылып тұрса да, соңына дейін күрескен еді. Бокстағы Серік Сәпиев сынған қолымен әлем чемпионатында соңына дейін жұдырықтасып шықты дегенді естідік. Күрестегі Жамиля Бақбергенованың өзі осылай бір күн бұрын салқын тигізіп, тамағы әбден ісіп, соған қарамастан бозкілемге шықты және әлем чемпионатында жүлде алды. Айта берсе көп.

Елена және оның командасы осыған не дейді екен. Еленаны өліп тұрып қорғап, керісінше, мені жерден алып, жерге салатын жанкүйерлері не айтады екен. Жарайды. Сауығып кетсін. Өзіміздің қыздар мен жігіттер-ақ сол есені қайтарып, алтынды топырлатып алады. Атам қазақ бекер айтпаған ғой. Жалдамалы әскер жанын салып соғыспайды деп. Осыны қашан түйсігімізге түйіп, тиісті қорытынды шығарамыз?”, — деп жазды ол.

Желі қолданушылары спортшыға қатаң жаза қолдануды ұсынуда.

”Азаматтықтан айыру керек”, “Келген жағына кетсін”, “Үнемі осылай істейді”, “Өзімізден шықпай болмайды”, “Сылтауы бітпеді ғой”, — деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow