Тоқаев еңбек демалысына кетті

Президент бұған дейінгі еңбек демалысын Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізген еді.

Шілде 23, 2024 - 10:12
Шілде 23, 2024 - 10:17
Тоқаев еңбек демалысына кетті
Фото: Берік Уәли Facebook

Мемлекет басшысы қысқа мерзімді еңбек демалысына шықпақ, — деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», деп мәлімдеді Ақорда.

Естеріңізге сала кетейік, Президент бұған дейінгі еңбек демалысын Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізген еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow