Ресейде қазақтың батыр қызы Әлияның есімімен аталған мешіт ашылды

Шілде 26, 2024 - 16:16
Шілде 26, 2024 - 16:18
Ресейде қазақтың батыр қызы Әлияның есімімен аталған мешіт ашылды

Орынбор облысы Толған ауылында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың атымен аталған жаңа «Әлия» мешітінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл туралы  Ресей діни басқармасы хабарлады.

Ашылу салтанатына Ресей діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Талғат Сафа Тәжуддин мен Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер қатысты. Сонымен қатар, Орынбор облысының мүфтиі Альфит Шарипов, Орынбор облысы заң шығару жиналысының депутаты Дамир Фахрутдинов, Толған ауданының әкімі Игорь Буцких және басқа да құрметті қонақтар мен жергілікті билік өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімді Толған ауылының имамы Валиулла Мұртасын Құран аяттарын оқумен бастады. Өзінің құттықтау сөзінде губернатор Денис Паслер конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтіп, жаңа мешіттер мен ғибадатханалардың ашылуы халықтар арасындағы достықты нығайтып, өңірдің рухани дамуына ықпал ететінін айтты.

Бас мүфти Талғат Сафа Тәжуддин салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтай отырып, кез келген елді мекенде мешіт салудың маңыздылығын атап өтті. 

Ресми бөлімнен кейін мұсылмандар жаңа мешітке барып, намаз оқыды. Құрылысқа белсене қатысқандар алғыс хаттармен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow