«5 жыл бойы таяқ жедім»: Достары Ғабит Бибасыұлының әйелінің сөзін жоққа шығарды
Қазір зорлық-зомбылыққа қарсы заң шыққаннан бастап, қаншама әйелдер орынды, орынсыз бас көтеріп жатыр.
“Әйеліне қол көтерді” деп басы дауға қалған “Меломен” тобының мүшесі Ғабит Бибасыұлына өнердегі достары араша түсті, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Топ мүшесі Қайрат Мырзаханов досының туған күнімен құттықтап, желідегі қаңқу сөзге мән бермеуге шақырды.
“Денің сау болып, басың екеу болсын! Соңғы кезде Ғабит жайлы әңгіме мүлде шындыққа жанаспайды дегім келеді. Ғабиттей алтын жігітті тиран етіп көрсетіп жатқандарды айтарым: “Бас жарылса бөрік ішінде”. Қазір зорлық-зомбылыққа қарсы заң шыққаннан бастап, қаншама әйелдер орынды, орынсыз бас көтеріп жатыр. Оның ішінде өтірігі араластары аз емес. Бірақ ол Ғабитке мүлдем қатысы жоқ. Ғабит ешқашан бізге проблемасын айтып көрмеген және айтпайтын да жігіт. Бокстағы қарсыласын сабырға шақыратын жігіт, қалай тиран болады?!”, – деп жазды әнші.
Сонымен қатар өнер иесі көпшілікті сабырға шақырып, досына күйе жақпауды өтінді.
“Әйелінің жағдайын менен де қаншама көріп жүрген жігіттерден де жақсы жасап, аялап, алақанда ұстап, жүрегін адал ұсынған азамат. Әр жанұяда проблема болатыны сөзсіз. Оның бәрі ары қарай тамыры мықты жанұя болуды нығайтатын зат қой. Еркек ашуланса арыстаннан жаман мінез шығады. Ғабитті жерден алып, жерге салып жатқан қыздар, ауыз өзімдікі деп, ешнәрсе білмей жатып артық жазудың қажеті жоқ. Мен бір нәрсе білемін: Ғабит өз әйелін өте қатты жақсы көрген, алақанда аялап ұстаған азамат. Бала-шағасын, ата-анасын ойлап тіс жарымай отыр. Басыңа бақ қонсын, досым. Бәрі уақытша. Экс-хайпер келіншек уақыты келгенде түсінер бәрін. Сені дүниеге әкелген ата-анаң аман жүрсін!”, – деді Қайрат Мырзаханов.
Еске салайық, “Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлымен ажырасып кеткен келіншегі одан таяқ жегенін айтқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?