«Ұйықтап алсыншы, демалсыншы деп аяғаныңмен, ол сені аямайды екен»: Гүлзира Айдарбекова келіндерін еркінсітіп жібергеніне өкініш білдірді

Қашан көрсең шашым жалбырап, базар бар ма, дүкен бар ма, жүгіріп жүремін.

Шілде 26, 2024 - 12:29
Тамыз 13, 2024 - 10:48
«Ұйықтап алсыншы, демалсыншы деп аяғаныңмен, ол сені аямайды екен»: Гүлзира Айдарбекова келіндерін еркінсітіп жібергеніне өкініш білдірді
Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial инстаграм парақшасынан

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы, үш келіннің енесі Гүлзира Айдарбекова жеке өмірі жайлы сұхбат берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Тележурналист Айнұр Асанбердінің ресми ютуб-арнасында ол келіндерімен қарым-қатынасында қандай кемшіліктер жібергенін айтты.

«Әрқайсысының өзінің жақсы жері бар, кемшіліктері де бар. Ене болған соң соқыр бола саласың, керең бола саласың. Тіптен жаманы жоқ енді, Құдайға шүкір. Өзінің үйінде қалай тәрбиеленсе отбасына келгенде соны көрсетеді деп ойлаймын. Біз енді шынымды айтсам, зиянымызды тигізбейміз, өйткені тоңазытқыштарын толтырып қоямыз. Ет керек, па, бүкіл азық-түлігін әкеліп саламыз… Барлық төленетін коммуналкасын төлеп, машиналарының бәрін ремонттап, майына дейін құйып бәрін жасап қоямыз.

Негізі біздің де дұрыс емес жеріміз көп. Бүкіл жағдайды жасамау керек екен. Өздеріне тапсыру керек та. Менің де кемшілік жерім көп. Қашан көрсең шашым жалбырап, базар бар ма, дүкен бар ма, жүгіріп жүремін. Қонақтардың сыйлығы, тамағы деп. Соған үйреніп қалады екен. Көп жұмсалған келін біраз нәрсенің қадірін білетін болады. Ұйықтап алсыншы, демалсыншы деймін. Бірақ сен оны аяғаныңмен, ертеңгі күні ол сені аямайды», — деді Гүлзира Айдарбекова.

Еске салайық, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы қамауға алынғанда уақыттың өтпей жатқанын айтып, 15 тәулікке қамалған ұлына арнап жан тебірентерлік мәтін жариялаған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow