«Бишімбаев Салтанатты сыртқа апарып өлтіріп, далаға көміп тастар еді» - адвокат

Бишімбаевтың адвокаты қылмыс қасақана болмағанын дәлелдемек болды.

Мамыр 3, 2024 - 12:17
Мамыр 3, 2024 - 12:18
«Бишімбаев Салтанатты сыртқа апарып өлтіріп, далаға көміп тастар еді» - адвокат

Астанада әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша сот отырысында жарыссөз басталды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы  inbusiness.kz -ке сілтеме жасап.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «қасақана» ұғымы соққылардың санымен немесе олардың салдарымен анықталмайды деп түсіндірді.

«Нүкенованың өлімінен Бишімбаевқа не пайда? Оған не керек? Айыптау актінде бұған бірде-бір жауап келтірілмеген. Өлтіргісі келді дейді, бірақ не үшін екенін прокурор түсіндірген жоқ. Бәрі  «нарцисс», «агрессор» деген сөздермен айыптап жатыр», – деді адвокат.

Оның айтуынша, күдікті егер қасақана өлтіргісі келсе, басқа әдісті қолданар еді.

«Бишімбаев өз қолымен кісі өлтіргісі келді делік, онда қаруын алдын ала дайындап, Нүкенованы тыныш жерге апарып, өлтіріп тастайтын еді ғой?», – деп қосты Ғазымжанов.

Адвокат Бишімбаев концертте немесе одан кейін әйелін ұрып-соққанда оны өлтіргісі келді деген нұсқаны күлкілі деп атады.

«Олай болса, ол кісі өлімін созып, таң атқанша арақатынастарын шешіп отырмас еді. Одан да оны қаладан алып шығып, өлтіріп, далаға көміп тастамай ма?», – дейді Ерлан Ғазымжанов.

Ғазымжановтың осы сөзінен кейін судья үзіліс жариялады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow