«Париж көшелерімен қан өзен болып ағады»: лаңкестер 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары кезінде теракт жасауы мүмкін

Шілде 24, 2024 - 11:35
Шілде 24, 2024 - 12:05
«Париж көшелерімен қан өзен болып ағады»: лаңкестер 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары кезінде теракт жасауы мүмкін

Палестиналық лаңкестер 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары кезінде Парижде террорлық шабуылдар жасау қаупі барын мәлімдеген бейнеролик жариялады. Олар «Франция «Израильді қолдағаны» үшін жазасын тартады», дейді.

«Алланың атымен сионистік режимге қарсы күресіміз жалғасуда», делінген видеода.  

- Біз француз халқына және Франция президенті Макронға үндеу тастаймыз: Сіздер олардың Палестина халқына қарсы қылмыстық соғысвнда сионистік режимді қолдадыңыздар. Сіздер оларға қару-жарақ бердіңіздер және біздің бауырларымыз бен балаларымызды өлтіруге көмектестіңіздер. Сіздер сионистерді Олимпиада ойындарына шақырдыңыздар! Сіздер жасаған барлық нәрсе үшін сазайын тартасыздар! Париж көшелерімен қан өзен болып ағады», дейді видеодағы бет-жүзі тұмшаланған адам.

Бейненің соңында әйелдің кесілген басы кадрға түседі, алайды оның шын екен белгісіз.

Бұған дейін Палестина автономиясы мен Иран Израильді Олимпиада ойындарынан шеттету туралы Халықаралық олимпиада комитетіне ресми түрде жүгінген еді. Иран СІМ «израильдік спортшылар Газа секторындағы жазықсыз адамдарға қарсы соғысқа байланысты Париж Олимпиадасына қатысуға лайық емес», деп жазды.

Израильдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бүгін, 23 шілдеде Парижге Олимпиада ойындарына баратын израильдіктерге арналған нұсқаулық шығарды.

Францияның бұқаралық ақпарат құралдары алдағы Олимпиада ойындарында болуы мүмкін шабуылдар туралы бірнеше рет хабарлады. Израильдік спортшыларға да қауіп төніп тұр. Франция билігі Олимпиада ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 35 мың полиция мен 18 мың сарбазды тартты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow