Петропавлда жарылыс болып, бір адам қайтыс болды

Наурыз 12, 2024 - 09:35
Наурыз 12, 2024 - 09:35
Петропавлда жарылыс болып, бір адам қайтыс болды

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде орналасқан қоғамдық моншада болған жарылыстан жарақат алған ер адам ауруханада қайтыс болды.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 наурыз күні болған. 112 телефон нөміріне сағат 11.20 минут кеткенде Петропавлдағы қоғамдық моншаның шатыры опырылып құлағандығы туралы хабар келіп түскен. Бір қабатты ғимараттың 30 шаршы метрі зақымданған.  Қоғамдық монша шатырының құлауына қатты отынмен жанатын қазандықтың жарылуы себеп болған.

Салдарынан 1983 жылы туған пеш жағушы қатты күйік алды. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Апат болған кезде моншада басқа ешкім болмаған.  СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесінің 80 % күйік шалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, 7 наурызда қайтыс болды.

inform.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow