Мұғалімдер енді экстремизммен күреседі - Ғани Бейсембаевтың жаңа бұйрығы шықты

Мұғалімдерді жайына қалдырыңыздар! Ұстаздар білім берумен айналысу керек!

Шілде 19, 2024 - 12:50
Шілде 19, 2024 - 12:54
Мұғалімдер енді экстремизммен күреседі - Ғани Бейсембаевтың жаңа бұйрығы шықты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мұғалімдерге діни экстремизммен күресу міндеті артылады. Бұл туралы құжат жобасы таяуда Ашық НҚА порталына қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайтына сілтеген sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

«орта білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алуды жүзеге асырады;

білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлерге рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіреді», - делінген құжатта.

Бұйрық мәтінінің астына бірнеше қарсы пікір жазып, жанайғайын жеткізген.

«Мұғалімдерді жайына қалдырыңыздар! Ұстаздар білім берумен айналысу керек! Мұғалімдердің мойынан өзге міндеттерді арта беруді доғарыңыздар», «Неге мұғалімге қосымша жұмыс жүктей бересіздер? Мұғалім өз пәні бойынша сабағын беруге, сіздер бекітіп берген мың есептерді тапсыруға уақыт таппай жүр. Ішкі саясат, дін мамандары не істейді сонда? Әркім өз жұмысын жасауы керек қой», «Діни экстремизм» деген не? Қарапайым мұғалім бұл білімді оқушыларға қалай сіңіреді? Бізде сондай дайындықтан өткен мұғалімдер бар ма? Мүмкін әркім өз ісімен айналысуы керек шығар?!», «Қарсымын! Мұғалім «орта білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алуды жүзеге асыратын» дінтанушы, теолог емес! Мұғалімнің мектеп басшылығы сияқты, бұл қызметті жүзеге асыруға біліктілігі, өкілеттігі жоқ» деген пікірлер жазылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow