Асылхан Бибосынов жаңа қызметке тағайындалды

Ол бұған дейін Ғылым комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болды.

Маусым 11, 2024 - 21:00
Маусым 11, 2024 - 21:02
Асылхан Бибосынов жаңа қызметке тағайындалды
фото: qov.kz

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов «ҰМҒТСО» АҚ қызметкерлерін жаңа басшымен таныстырды.

«ҰМҒТСО» АҚ Басқарма төрағасы болып бұған дейін Ғылым комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған Асылхан Бибосынов тағайындалды.

Асылхан Жәнібекұлы Бибосынов еңбек жолын «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ өндірістік агломераттар мен инженерлік құрылыстар аумағындағы жер қыртысының кернеулі күйін талдау секторының жетекші маманы, жетекші инженері болып бастады. «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШЕС-де Жер-ғарыш, геодинамикалық және геофизикалық мониторинг бөлімінің геомодельдеу секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2017 жылға дейін А. Бибосынов Ионосфера институтында директордың ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылы В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының директоры болып тағайындалды. 2020 -2022 жж. – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2022 жылдан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow