Бишімбаев Нүкенованы жалаңаш видеоға түсірген

Бұл туралы айтқымыз келмеген.

Наурыз 12, 2024 - 09:44
Наурыз 12, 2024 - 10:36
Бишімбаев Нүкенованы жалаңаш видеоға түсірген
Коллаж: kursiv.kz

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді алғашқы сот отырысы туралы пікір білдірді, деп хабарлады Sadagmedia.kz.

Ол бұған дейін айтылмаған нәрселер барын айтады.

«Салтанат неге кетіп қалмаған және кетіп, қайтадан неге оралған?» деген секілді сұрақтар көп қойылды. Бұл мен үшін де үлкен сұрақ. Оның жауабын қылмыс болғаннан кейін алдым. Яғни Бишімбаев түсірген видеодан кейін білдік. Бұл туралы айтқымыз келмеген, себебі бұл біздің жақындарымыз үшін ауыр.

Сондықтан видео туралы қоғам білмесе дедік. Себебі әлдеқандай әдеп нормасы бар. Менің міндетім - бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, біреуді қаралау емес, отбасымды ойлау және оларға қамқорлық таныту болды», - дейді Айтбек Амангелді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow