Ұлттық банк «Бәйтерекке» 170 млрд зейнетақы қаржысын салды

Ұлттық банк БЖЗҚ-дан "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ облигацияларына 173 миллиард теңге инвестиция салды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаңтар 29, 2024 - 17:22
Қаңтар 30, 2024 - 21:20
Ұлттық банк «Бәйтерекке» 170 млрд зейнетақы қаржысын салды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты ірі жобаларды қаржыландыруға бағытталмақ.

Белгілі болғандай, облигациялардың жылдық кірісі 13% болады, ал айналым мерзімі – 15 жыл.
Ұлттық банкте облигацияларды сатып алу туралы шешім экономиканың нақты секторының ұзақ мерзімді ірі жобаларын қаржыландыру үшін 2024-2025 жылдар ішінде жоспарланған БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау шеңберінде қабылданған.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстан қор биржасында облигацияларды орналастырудың жалпы көлемі – 190 миллиард теңге.

"Облигацияларды сатып алу салымшылардың зейнетақы жинақтары бойынша сақтауды қамтамасыз ету және нақты табысты алу жөніндегі ұзақ мерзімді мақсаттарға сәйкес келеді", - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұлттық банк "Бәйтерекке" салынған зейнетақы қаржысы мерзімінен бұрын қайтарылатынын айтты.

"Эмитент жыл сайын 5 жыл өткеннен кейін ұстаушыларға тиесілі облигациялардың бір бөлігін олардың талабы бойынша номиналды құны бойынша бастапқы орналастыру көлемінің 10 пайызына дейінгі мөлшерде сатып алуға міндетті", - деп толықтырды ведомство.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қаражаты көлік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалмақ.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow