Павлодарда Ресей азаматы полиция ғимаратын жарып жібермек болды

ХҚКО ғимаратынан 130 адам эвакуацияланды

Тамыз 16, 2024 - 10:08
Тамыз 16, 2024 - 10:10
Павлодарда Ресей азаматы полиция ғимаратын жарып жібермек болды

Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында Ресей азаматы жанкештілік белбеуінің бар екенін айтып, оны жарамын деп қорқытқан.

Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Мәлім болғандай, Ресей азаматы ХҚКО орталығы бөлімшелерінің біріне келіп тұруға ықтиярхат алмақшы болады. Ол үшін ер адам қызметкерге ешқандай мөрі жоқ жақсы мінез-құлық туралы анықтама берген. Орталық қызметкері оған мұндай қағазбен тұруға ықтиярхат ала алмайтынын түсіндіреді. Ресей азаматы бұған келіспей өзімен бірге «шаһид» белбеуінің бар екенін және оны көш-қон полициясына барып жарып жіберетінін айтқан.

Оқиға байланысты Orda.kz тілшісі Павлодар полиция департаментіне хабарласты.

Полицияның мәліметінше күдікті қамауға алынды. 

«Қазіргі таңда күдіктіге қатысты терроризм туралы жалған хабар тарату фактісі бойынша тергеу басталды. Жұмыс барысында ХҚКО ғимаратынан 130 адам эвакуацияланды» деп мәлімдеді  департамент баспасөз қызметі.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow