Астанадағы ең үлкен сағат тоқтап қалды

2014 жылы орнатылғаннан бері сағат автоматты түрде реттеледі.

Сәуір 3, 2024 - 10:59
Сәуір 3, 2024 - 11:02
Астанадағы ең үлкен сағат тоқтап қалды
Фото: видеодан кадр

Орталық саябаққа жақын маңда орналасқан Астанадағы ең үлкен сағат тоқтап қалды, - деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Еліміз жаңа уақытқа көшкен түні Тұран даңғылында орналасқан "Қазақстан күні" монументіндегі сағат тілі бір сағатқа кері жылжыған жоқ.

Өздеріңіз білесіздер, 1 наурызға қараған түні қазақстандықтар уақытты бір сағатқа артқа жылжытты. Бірақ "Қазақстан күнінде" ол сол күйінде қалды.

Елордалық Нұра ауданы әкімдігі мәліметінше, 2014 жылы орнатылғаннан бері сағат автоматты түрде реттеледі.

"Алайда бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесінде сағат белдеуін өзгерту кезінде уақытты автоматты түрде өзгерту функциясы қарастырылмаған. Осыған байланысты бұл сағат тоқтап қалды. Мердігер ұйымның мамандары сағатты қолмен қайта қосу жұмыстарын жүргізді", - делінген Tengrinews.kz ресми сауалына аудан әкімдігі берген жауапта.

Алайда, бір айға жуық уақыт өткеннен кейін де сағат тілінің тоқтап қалғаны байқалады.

Қазіргі уақытта сағат пен жарықтандыруды қолдау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр, деп қосты әкімдік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow