Шымкенттік тұрғын Путиннен көмек сұрады

“Қазақстан билігі маған тиесілі пәтерді реестрден алып тастаған. Мүлік иесі ретінде мені танымайды.

Мамыр 10, 2024 - 11:23
Мамыр 10, 2024 - 11:24
Шымкенттік тұрғын Путиннен көмек сұрады

Әлеуметтік желіде тараған бейне жазбада өзін шымкенттік тұрғын Мамраимова Ольга Павловна РФ президенті Путиннен жәрдем сұрап, мәселесін шешіп беруін өтінді деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Шымкенттік Мамраимова Ольганың сөзінен түсінгеніміз, 1992 жылы мирасқа қалған пәтерін жекешелендіре алмай жүрген көрінеді.

“Қазақстан билігі маған тиесілі пәтерді реестрден алып тастаған. Мүлік иесі ретінде мені танымайды.

Барымнан айырылдым. Пәтерімді бермесе, неге сол пәтер құнына тең келетін өтемақы төлемейді?” деген Ольга Павловна осы мәселесін шешіп беруді Владимир Путиннен сұрады.

Қазақ Әділет министрлігіне “позор” деген Мамраимова әділдікті Ресей жақтан көремін деп сенетін сыңайлы. Жекешелендірілмеген бір пәтерінің мәселесі үшін осындай әрекетке барып жатқан өзге ұлт өкілдері басына расымен күн туса, қайтер екен? Қалай ойлайсыз?

@qazaq_streams @QAZAQ_STREAM ♬ original sound - QAZAQ_STREAM

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow