Бақтияр Артаев бокстан бас бапкерлікке лайық адамның атын атады

Тамыз 16, 2024 - 09:40
Тамыз 16, 2024 - 09:41
Бақтияр Артаев бокстан бас бапкерлікке лайық адамның атын атады
Фото: shaiba.kz

Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

14 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді.

«Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне дәл қазіргі кезде Нұрлан Ақүрпеков лайық», — деп жазды Бақтияр Артаев Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды. Сондай-ақ бапкер Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және т.б танымал боксшыларды жаттықтырған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow