«Көлікке басып кіріп, ұра бастады»: Алматыда тағы бір қызға шабуыл жасалды
Әлеуметтік желілердің бірінде Алматыда түсірілді делінген тағы бір жазба тарады. Жазбадан көлікте белгісіз бір адам қызды ұрып жатқанын байқауға болады. Видео авторының айтуынша, оқиға Рысқұлов даңғылында болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Белгісіз адам дүкеннің көлік тұрағында қызға шабуыл жасаған. Қашып құтылмақ болған қыздың соңынан көлікпен қуа бастаған. Қызды соғып тоқтатқан.
«Ол оның көлігін соғып қана қоймай, оны тағы екі рет ұруға тырысты. Автотұрақта оны құтқарып қалғанымен, ол оны қуып жетіп, соқты, көлікке кіріп, ұра бастады. Қызды еласаңнан әрең құтқарып алдық, ұрып қана қоймай тістеп тастаған», - дейді видео сыртындағы дауыс.
Жетісу ауданының полиция басқармасы осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады, - деді полиция.
Биыл мамыр айында Алматыда спа-салонда жұмыс істейтін қызға белгісіз еркек шабуыл жасаған болатын. Ол салонға кіріп, сыра сатуын сұраған. Қызметкер алкогольдік «ішімдіктерді сатпаймыз» деп жауап берген. Осыған ашуланған ол қызға алдындағы заттарды лақтырып, жанына барып шашынан ұстап ұра бастайды. Шабуыл жасаушы Ресей азаматы болып шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?