Елімізде қайтадан маска режимі енгізілетін болды
Бұдан бөлек қоғамдық көліктерде, ұшақтарда, пойыздарда да маска режимі енгізіледі.
Денсаулық сақтау вице-министрі әрі Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова арнайы қаулыға қол қойғанын хабарлады. Есмағамбетова ханымның айтуынша, жыл соңғы бір айдың ішінде COVID-19 жұқтырғандардың саны екі жарым есеге өскен, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Қазақстан халқы арасында инфекциялық аурулардың (қызылша, коронавирус, тұмау және басқа да респираторлық вирустық аурулар) таралуының алдын алу мақсатында медициналық мекемелерде персонал мен емделушілерге маска режимін енгізуді қаулы етемін. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына, аумақтық департамент басшыларына осы шараларды қолға алуды тапсырамын, - делінген құжатта.
Осыған байланысты 8 ақпаннан бастап адам көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда әуежайда, теміржол вокзалдарында, сапаржайларда, базарларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде маска тағу ұсынылады.
Бұдан бөлек қоғамдық көліктерде, ұшақтарда, пойыздарда да маска режимі енгізіледі.
«Осы қаулының іске асырылуын өзім қадағалаймын. Ол қабылданғаннан күннен бастап әрекет етеді, - деді Есмағамбетова.
Сіздің реакцияңыз қандай?