Иман Хелифтің ер адам екені дәлелденді
Зерттеулер Хелифтің биологиялық тұрғыда әйел еместігін көрсетіп отыр.
Олимпиада чемпионы Алжирлік боксшы Иман Хелиф медициналық гендерлік сынақтан өтиі. Оның жатыры мен аналық бездерінің жоқ екені анықталды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Француз журналисі Джаффар Айт Аудиа жариялаған медициналық құжаттарда Хелифтің ағзасында тестикулалар мен микропенис бары анықталған. Зерттеудің нәтижесі бойынша, хромосомалық сынақ спортшының XY кариотипіне ие екенін көрсетті, ал гормондық сараптама оның ағзасындағы тестостерон деңгейі әйелдерге тән көрсеткіштен бес есе жоғары екенін тіркеген.
Reduxx порталының мәліметінше, бұл деректер Париждегі Кремль бисетр мен Алжирдегі Мохамед Ламин Дебагин ауруханаларының сарапшыларының есептерінен алынған. Зерттеулер Хелифтің биологиялық тұрғыда әйел еместігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты мамандар оны «хирургиялық түзету және гормондық терапияға» жіберуді, сондай-ақ психологиялық қолдауды ұсынған, себебі бұл жағдай спортшыға психологиялық қиындықтар тудыруы мүмкін.
Le correspondant басылымының мәліметі бойынша, Хелифтің Олимпиадаға қатысуы Алжирден шыққан Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Мұстафа Беррафтың ықпалымен жүзеге асқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?