«Ойым өзгерді»: Елдос Сметов күтпеген мәлімдеме жасады

Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді, дейді ол.

Тамыз 29, 2024 - 09:00
Тамыз 29, 2024 - 08:59
«Ойым өзгерді»: Елдос Сметов күтпеген мәлімдеме жасады

Париж Олимпиадасының алтын жүлде иегері Елдос Сметов Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында енді төрт жылдан кейін Лос-Анжелесте өтетін дүбірлі додаға дайындалатынын айтты, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді.

Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов. 

Айта кетсек, ол бұдан бұрын мансабын аяқтау жөнінде әлі шешім қабылдамағанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow