Зардап шеккендер бар: Германияда адам толы айналмалы дөңгелек өртеніп кетті (ВИДЕО)

Зардап шеккендердің арасында құтқарушылар да, полицейлер де бар.

Тамыз 18, 2024 - 19:38
Тамыз 18, 2024 - 19:39
Зардап шеккендер бар: Германияда адам толы айналмалы дөңгелек өртеніп кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Германияда фестиваль кезінде адамдар отырған айналмалы дөңгелек өртенді. Бұл туралы sadaqmedia.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Өрт Лейпциг маңындағы Штермталь көлінде өтіп жатқан Хайфилд фестивалінде орын алған. Кешкі сағат тоғыздар шамасында айналмалы жөңгелек кабинасы өртеніп, жалын екінші кабинаға да тараған. Өрт кезінде айналмалы дөңгелек ішінде адам толы болған. 

"Біз күйген пластиктің иісін сезіндік, бірақ ол жақын маңдағы кабинадан шықты деп ойламадық", – деді фестивальге келуші.

Лейпциг полициясының өкілі өрт салдарынан төрт адамның ауыр күйік алғанын, 2 адам құлап жарақат алғанын айтты. Сонымен қатар 18 адам көмірқышқыл газынан зардап шеккен. Зардап шеккендердің арасында құтқарушылар да, полицейлер де бар. Неміс Қызыл Крестінің басшысы екі адамның жағдайы ауыр екенін түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow